|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Кәмшат Дөненбаева атындағы жылпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Кәмшат Дөненбаевой отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
13
Қараша
2023
|
А.ж. 13 мамыр күні Қостанай политехникалық жоғары колледж мамандары 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Мақсаты: мектеп бітіруші түлектерді дұрыс таңдау жасауға және елімізде сұранысқа ие жұмыс кәсібін алу үшін колледжге оқуға шақыру. Қостанай политехникалық жоғары колледжі бүгінде еліміздегі ең үздік политехникалық колледждердің бірі болып табылады. Колледж өңіріміздің энергетика, автомобиль өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салалары үшін жұмысшы кадрларды даярлайды. Колледждің жоғары білікті түлектері құнды кадрлық ресурс болып табылатындығы және жұмысқа орналасуда қиындық көрмейтіндігі айтылып, буклеттер таратылды.

"Кәмшат Дөненбаева атындағы ЖББМ" КММ - де ақпанның 21 күні техникалық бағыттағы мамандықтар беретін Қостанай құрылыс колледжі қызметкері Каптел Г.М. 8-9 сынып оқушыларымен кәсіби бағдарлау жұмысын өткізді. Кездесуде мамандық түрлері, оқуды бітірген соң кейін қайда жұмысқа тұруға болады, грант саны, т.б. жеңілдіктер мен шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыс жасалды. Мектеп бітірушілер сұрақтар қойып, кездесу қызыты өтті.
21.02 күні Кәмшат Дөнебаева атындағы ЖББ мектебінің 6-сынып оқушыларымен (ұл балалар) "Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты" КММ өкілімен кездесу өтті. Кәсіби бағдарлау жұмысының мақсаты - оқушылар мен олардың ата-аналарына “Білім-Инновация” лицейлеріне құжаттарды қабылдау рәсімі қай түрде , қабылдау емтиханы қашан, қандай құжаттар қажет екендігі туралы ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізіліп, буклеттер таратылды. Оқушылар тарапынан қызығушылық сұрақтар қойылып кездесу әсерлі болды.
18.02 аудандық ІІБ қызметкерлері 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қызметкерлер жол қозғалысы ережелері бойынша дәріс өткізді.

Жоспарланған KPI аясында К. Дөненбаева атындағы мектептің оқушылары ТОО ПК "Олжа Агро" агрохолдингіне барды. Экскурсияны өндіріс басшысы Жарқын Төлебай Қайдарұлы жүргізді.
Оқушылар әртүрлі ауыл шаруашылық техникасының түрлерін көрді. Экскурсиядан тек жағымды әсер алды.


Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының “Ұзынкөл ауданының білім бөлімі” ММ Ахмет Байтұрсынұлы атындығы Қостанай өңірлік университетімен бірлесіп кәсіптік бағдарлау кездесуі өткізілді.

2025 жылғы 5 ақпанда 9-11 сынып оқушылары Малик Габдулин атындағы ТЖ департаментімен өткен кәсіби бағдар беру Zoom конференциясына қатысты. Бұл конференция барысында оқушыларға училищеге түсу жолдары, тапсыратын емтихандар мен нормативтер туралы түсіндірілді.

Бүгін, 10-11 сынып оқушыларымен Рудный Индустриалық университеті қызметкерлері ZOOM конференция өткізді. Кездесуде түлектер университеттегі мамандық салаларымен, оларға бөлінген гранттар, оқуға түсу шарттары ,жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламалар түрлерімен, оқудан кейінгі жұмысқа орналасу, университеттің серіктестері танысты, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық ақпарат алды.
#кәсіптікбағдаржұмысы

2024 жылдың 18 қазан күні кәсіби бағдар беру жұмысы аясында мектептің 9,10,11 сынып оқушыларымен М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті (КИнЭУ) және университет ішіндегі "КИнЭУ кәсіпкерлік колледжі" мамандары арасында кездесу өтті. Кездесу барысында мектептің болашақ түлектері аталмыш оқу орындарында оқытылатын мамандықтар туралы, оған қалай түсуге болады? қандай артықшылықтар бар? грант түрлері және мамандық алып шыққан жағдайда қайда жұмыс істейді, қандай серіктестері бар? , т.с с. сұрақтарға толық ақпарат алды. Колледж техникалық және экономикалық мамандықтарға оқытатын болғандықтан болашақ кәсіпкерлер мен бизнесмендерге, яғни өз кәсібін жүргізгісі келетін, өз ісін ашуды жоспарлаған жас жігіттер мен бойжеткендерге тамаша трамплин болатындығын ескеру қажет.

«№2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі»КММ
Кәсіптік бағдар беру бойынша 1- тоқсан есебі.
2023 жылдың 27 қыркүйек күні «№1 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Төтенше жағдай бөлімінің капитаны Бекпаева Ж.М. өрт қауіпсіздігі бойынша және ГКП ветеринария басшысы Каримов Д.Б. «Мал шаруашылығын көркейту» атты тақырыбы 9-11 оқушылары арасында әңгіме жүргізілді.


2023 жылдың 3 қазан күні Балалар шығармашылық үйінде мектепшілік арасында аудандық конкурс өткізілді.

2023 жылдың 16 қазан күні «№2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі»КММ –де 5-6 сынып оқушылары арасында өрт қауіпсіздігі бойынша әңгіме жүргізілді және экскурссияға шықты.

|
8
Қараша
2023
|

|
8
Қараша
2023
|

|
3
Қараша
2023
|
ҚР Республика күніне орай «Менің отаным Қазақстан» атты көрме және мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырырлды. Сайысқа Нурмагамбетов Н.,Турегельдина А.,Альдикенова А., Альдикенова К., Сапабек Д., Сартаева Д., қатысып, тәтті сыйлықтармен марапатталды.
#оқуға_құштар_мектеп
#біртұтас_тәрбие

"Оқуға құштар мектеп " жобасы аясында бастауыш сынып арасында «Алтын күз» атты тақырыбына мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.
#оқуға_құштар_мектеп
#біртұтас_тәрбие

Кітапхана сағаты «Барлығы оқиды»
#оқуға_құштар_мектеп
#біртұтас_тәрбие

|
2
Қараша
2023
|
Денсаулық күні
Мақсаты: Оқушылардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдылықтарын, күштіліктерін қалыптастыру.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата – бабаларымыз “Тәні саудың – жаны сау” – деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады. Бірінші байлық – денсаулық, денсаулық адамның ең қымбат дүниесі. Сондықтан біз денсаулығымызды нығайту үшін спортпен айналысуымыз керек. Футбол ойнауда, шаңғы тебуде де, гимнастикамен айналысуда т.б. спортпен айналысу жатады. Ондағы негізгі идея оқушыларды салауаттылыққа ынталандыру, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға үгіттеу. Себебі елді күні ертең ілгері апаратын – сауатты, білімді, дені сау жастар. Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнымызды адаспай табуға барлық жағынан дайын болуымыз керек.
Осыған орай мектебімізде әр оқу жылында денсаулық күніне орай жоспарлар жасалынып, оны іске асыруда көптеген іс-шаралар атқарылуда. Сондай іс-шаралардың бірі – топ оқушылары арасында спорттық сайыстар өткізіліп отырады.
Сайыс түрлі байқаулардан тұрды: «Кім жылдам», «Доп лақтыру», «Кім көп жинайды?», «Арқан тарту», «Кім күшті?».
Сайыс соңында жеңіске жеткен топтар анықталынып, мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

|
2
Қараша
2023
|
«РЕСПУБЛИКА КҮНІ»
Апталық салтанатты тәлімсәттің ашылуымен басталды, онда оқушылар Республика күніне арналған апталықтың жоспарымен таныстырылды.
- «Гүлдене бер, туған ел!» атты суреттер байқауы. Байқауға 1-4 сынып оқушылары қатысып, мадақтамалармен марапатталды.
https://www.instagram.com/reel/CyyK-aGtHR3/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
- «Гүлдене бер, туған ел!» мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Сайысқа 5-7 сынып оқушылары қатысты.
https://www.instagram.com/reel/CyyXHKPNBLA/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==
|
2
Қараша
2023
|
Мектеп Парламенті мен Жас Ұлан сайлауы
№2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебінде «Мектеп Парламенті» мен «Жас Ұлан» басшысының сайлауы өткізілді.
Мектеп Парламентінің сайлауына 3 оқушы қатысты. Олар: 1. Рспаева Асем, 2. Кабдуалиева Айлана, 3. Жумасаев Саят. Сайлаудың қорытындысы бойынша Кабдуалиева Айлана «Мектеп Парламентінің» басшысы болып сайланды.
«Жас Ұлан» сайлауына 10 оқушы қатысты. Олар: 1. Даулетбаева Дильназ, 2. Даулетбаев Қуаныш, 3. Қанатқызы Аружан. Сайлаудың қорытындысы бойынша Даулетбаева Дильназ «Жас Ұлан» басшысы болып сайланды.
https://www.instagram.com/reel/CyYOF69Ng3W/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

|
18
Қазан
2023
|
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы мен зор байлықтары туралы толық түсіндіру. Әр мезгілдің өз қызығы мен сәні бар екенін ұғындыру. Күз айларының халыққа молшылық алып келетінін, қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Балаларды бір – біріне сыйластықты, ауызбіршілікті болуға шақыру. Өнерге деген қызығушылықтарын ояту және сөз қорларын байыту.
№2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебінде «Мектеп парламенті мен Жас Ұлан» ұйымдарының ұйымдастыруымен мектебіміздің 1 қабатында 1-10 сынып оқушылары арасында «Аяулы күз, алтын күз» тақырыбында суреттер, қолөнер байқаулары өткізілді.
Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары арасында қазына іздеуге арналған нағыз күзгі квест өтті. Олар барлық кедергілерді жеңіп, чемоданның ішінен нағыз зергерлік бұйымдар болып шыққан кодталған пароль нөмірлерін шеше алды.
Ал 5-11 сынып оқушылары арасында «Күз» мерекесіне арналған би кеші өткізілді.






