2023 жылдың 29 қыркүйек «№2 Ұзынкөл ЖББМ» - де, «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өткізді. Мерекелік іс-шараға білім ұйымдарында жарты ғұмырын ұстаздық қызметке арнап, ұрпақ тәрбиелеген ардагерге сый-құрмет көрсетілді. Қарт ұстаздарға мектебіміздің директоры Амрина А.А. сөз сөйлеп, ардагерлерге білім саласында атқарған өлшеусіз еңбектеріне алғыс айта отырып, зор денсаулық, ұзақ өмір тіледі.
Мерекелік іс-шара барысында әрбір қарт ұстаз көтеріңкі көңіл-күймен оқушыларға, ұстаздарға алғыс айтып, еңбектеріне табыс тіледі.







