Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің № 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Узункольская общеобразовательная школа № 2 отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
25
Ақпан
2025
|
Еңбек жолы – адалдық пен төзімділіктің айнасы.
Ұстаздық – жай ғана мамандық емес, жүрек қалауы.
“Мен, Шегенова Римма Жакиевна, өзімнің 34 жылдан тұратын еңбек жолым туралы айтқым келеді. Еңбек жолым 1883 жылы мектеп бітірісімен комсомолдық жолдамамен құрылысқа келуімнен басталды.. Қарап отырсам қазіргі айтылып жүрген «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» деген ұғымдардың дәлелі болатын нағыз ерен еңбек иелері ортасына келген екенмін. Екі жыл бойы осындай адал адамдардан еңбек еттім. Айта кететін жайт - сол кездегі құрылыс обьектісі - қазіргі өзім 32 жыл еңбек етіп, зейнетке шыққалы отырған мектебім еді. Яғни қабырғасы қаланған бері шәкірттеріміздің білім алып, үлкен өмірге түлеп ұшып жатқан көркем де, жайлы, кең де әсем қазіргі Кәсшат Дөненбаева атыдағы жалпы білім беретін мектеп.
1886 жылы бастапқы мақсатыма – жоғарғы оқу орнына түсіп, мұғалмдік мамандық алуыма бет бұрдым. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының физика-математика факультетін 5 жыл оқып , 1991 жылы бітіріп, математика мұғалімі еңбек жолын Торғай облысы, Державин ауданы, Братолюбовка ауылында бастадым.
Есімде, 1993 жылы аудан орталығында алғаш №3 қазақ мектебі ашылғаны. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып 3 жыл бірге еңбек еттім. Педагог мамандығы - заман талабына сай , педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын, педагогикалық өзгерістерге тез төселетін, жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, инновациялық білімді дамытатын мамандық.Еңбек ете жүріп 2012 жылы «Көкше» Академиясына оқуға түсіп, педагог-психолог мамандығын алып шықтым.
Менің өмірлік ұстанымым, басты мақсатым - балалар мен жастарды тәрбиелеп, олардың бойына осы озық құндылықтарды сіңіру. Адам өмірінде ең басты құндылықтардың бірі -адал еңбек ету және адал табысқа қол жеткізу — тек жеке тұлғаны ғана емес, бүкіл қоғамды жетілдірудің негізгі жолдары болып табылады.”
#еңбекадамы
#человектруда
#ҰзынкөлАуданына85Жыл
#УзункольскомуРайону85Лет
17
Ақпан
2025
|
Еңбек жолы – адалдық пен төзімділіктің айнасы.
Әрбір мамандық – тек күнкөріс көзі емес, адамның өмірлік таңдауы мен жан қалауына айналады.
“Мен, Калиева Фариза Бекежановна, 1982 жылы дүниеге келдім. Еңбек жолымды №2 Ұзынкөл орта мектебінде бастадым. Бұл оқу ордасына іс-қағаздарын жүргізуші қызметіне қабылданып, 2014 жылдың қыркүйек айынан бері осы салада еңбек етіп келемін. Бүгінде осы саладағы жұмыс өтілім – 11 жыл.
Еңбек – адамды шыңдайтын ұлы күш. Шынайылық пен жауапкершілік әр істің берекесін арттырады. Кімде-кім өз ісіне адал болса, сол адам өмірде де, кәсібінде де биік белестерге жетеді.”
—————————————————————————————
Трудовой путь – это зеркало честности и терпения.
Каждая профессия – это не просто средство заработка, а жизненный выбор и дело души.
“Меня зовут Калиева Фариза Бекежановна, я родилась в 1982 году. Свой трудовой путь я начала в Узункольской средней школе №2. В это учебное заведение я была принята на должность делопроизводителя и с сентября 2014 года продолжаю работать в этой сфере. На сегодняшний день мой стаж работы составляет 11 лет.
Труд – это великая сила, которая закаляет человека. Искренность и ответственность приносят успех в любом деле. Тот, кто честен перед своей профессией, добьётся высот как в карьере, так и в жизни.”
11
Ақпан
2025
|
Еңбек жолы – адалдық пен төзімділіктің айнасы.
Ұстаздық – жай ғана мамандық емес, жүрек қалауы. Бүгін біз білім беру саласына сан жылын арнаған ұстаздың еңбек жолымен танысамыз. Олар қалай бастады? Қандай қиындықтарды еңсерді?
«Мен, Жәнібекова Жібек Қазиқызы, 1960 жылдың 4 қаңтарында дүниеге келдім. Жалпы өтілім – 47 жыл, оның 31 жылын педагогика саласында жұмыс атқарудамын. Еңбек жолымды мәдениет үйінің меңгерушісі болып бастадым. Бұл салада 16 жыл жұмыс атқардым. Сонан соң ұстаздық қызмет атқардым. 1993 жылы Есмырза деген ауылдың мектеп меңгерушісі болып тағайындалдым. 2014 жылдан бастап мені «№2 Ұзынкөл орта мектебі» КММ-нің директоры болып ауыстырды. 2018 жылы осы лауазымнан зейнетке шықтым. Содан бері өз мамандығым бойынша бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс атқарудамын.
Таңдаған мамандығым өзіме өте ұнайды, өйткені балаларға білім нәрін сусындатып, оң мен солды үйретемін. Балалардың бастапқы қадамын нық басып, келесі сатыға жоғарлауы – мен үшін үлкен, баға жетпес байлық.»
Трудовой путь – это зеркало честности и терпения.
Учительство – это не просто профессия, а призвание души. Сегодня мы познакомимся с трудовым путем учителя, посвятившего долгие годы сфере образования. С чего они начали? С какими трудностями сталкиваются?
«Я, Жаныбекова Жибек Казиевна, родилась 4 января 1960 года. Общий стаж работы – 47 лет, из них 31 год я тружусь в сфере педагогики. Свой трудовой путь начала в качестве заведующей домом культуры. В этой сфере проработала 16 лет. Затем выбрала путь учительства. В 1993 году была назначена заведующей школы в селе Есмырза. С 2014 года меня перевели на должность директора КГУ «Узунккольская средняя школа №2». В 2018 году я вышла на пенсию с этой должности. Однако, так как моя профессия – это мое призвание, с того времени продолжаю работать учителем начальных классов.
Мне очень нравится моя профессия, потому что я даю детям знания, учу их различать добро и зло. Видеть, как они делают первые уверенные шаги и поднимаются на следующую ступень – для меня бесценное богатство.»