ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің № 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Узункольская общеобразовательная школа № 2 отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области
Ұзынкөл а.
+7 (714) 442 23 18
uzunkolskayaoosh2@uzunkol.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің № 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Узункольская общеобразовательная школа № 2 отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
8
Маусым
2023

Сынып жетекшілердің
ЕРЕЖЕСІ

 

Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі - сабақтан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын педагог.

Бұл сынып ұжымындағы әр алуан тәрбиелеудің түрлері арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшелігін көрсете білуіне жағдай жасап, өз қызметін оқу-тәрбие жұмысының бірыңғай жүйесінде жүзеге асыратын өз ісінің шебері.

 

Сынып жетекшісінің тәрбие қызметіндегі мақсаты:

  1. Білім алушы тұлғасының өзін-өзі дамыту мен өзін іс жүзінде көрсетуі үшін, оның қоғамда табысты әлеуметтенуі үшін жағдай жасау.
  2. Балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау әрі оңды дамыту, қорғаныс, қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау.
  3. Тәрбиеленушілердің әр түрлі шығармашылық, тұлғалық және қоғамдық мәнді іс-әрекетін өмірдің әлеуметтік-жарамды тәжірибесінің көзі ретінде ұйымдастыру: қазіргі және болашақ есейген өміріндегі өзін-өзі дамыту білімі, икемі мен дағдылары, тұлғаның өзін-өзі анықтауы және өзін іс жүзінде көрсете білуі.
  4. Өзара бірлескен қарым-қатынас кезінде тәрбиеленушілердің әлеуметтік құнды қарым-қатынастары мен алаңдадатын мәселелерін сәйкестендіре ұйымдастыру.

Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері

  • ● сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту;
  • ● тұлғаны дамытып, әрбір білім алушының өзін танытуы әрі қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып, оның әлеуетті қабілеттерін ашу үшін психологиялық-педагогикалық оңды жағдай тудыру;
  • ● салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  • ● сынып ұжымының түрлі үлгідегі тәрбиелеу қызметінің нысандары арқылы қарым-қатынас жүйесін ұйымдастыру;
  • ● білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  • ● сыныптағы жүйелік жұмысты ұйымдастыру;
  • ● білім алушылардың, оқушылар ұжымы мен педагогика қызметкерлерінің арасындағы қарым-қатынасты ізгілендіру;
  • ● білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру;
  • ● оқушылардың әлеуметтік мәні бар, шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру.
    Сынып жетекшісінің негізгі қызметі:
  • ● сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру;
  • ● сынып ұжымының оқу ісін ұйымдастыру;
  • ● сыныптың сабақтан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру;
  • ● оқушылардың жеке басын зерделей түсіну;
  • ● оқушыларды әлеуметтік қорғау;
  • ● ата-аналармен жұмыс.

Сынып жетекшісі қолынан мынадай істер келуге тиісті:

  • ● өзінің жеке басындағы іскерлік пен жауапкершілік арқылы үлгі бере отырып, бала белсенділігін, жауапкершілігін көтермелей қарым-қатынас орнату;
  • ● өз тәрбиелік мақсаттарын көре білу жән тұжырымдау;
  • ● өз сыныбында жүргізілетін тәрбие жұмысының жоспарын жасау; тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру;
  • ● ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізу;
    Сынып жетекшісі білуі тиіс:
  • ● Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын;
  • ● Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияны;
  • ● балалардың және олардың жас ерекшелігіне қатысты, педагогиканы сондай-ақ әлеуметтік, педагогикалық психологияны, валеологияны, мектеп гигиенасын;
  • ● педагогикалық әдеп пен шеберлікті; тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;
  • ● еңбек заңнамасының негіздерін білуі тиіс.

Сынып жетекшісі:

  • ● мектептің өзін-өзі басқару құрылымдары жұмысына қатысуға; бастама көтеруге, мектеп қызметін жетілдіруге байланысты ұсыныстар енгізуге, іскерлік,
  • ● сындарлы сын айтып шығуға;
  • ● өзінің жеке тәрбие жүйесі мен бағдарламасын жасауға, «теріс ықпал етпейтін» ізгілікті қағиданы басшылыққа ала отырып, тәрбиелеудің жаңа әдістерін, түрлері мен тәсілдерін шығармашылық тұрғыда пайдалануға;
  • ● мектептің өзін-өзі басқару мен қорғау органдарында, мүмкін болмаған жағдайда - мемлекеттік билік органдары мен сотта өзінің ар-ожданы мен абыройын қорғауға;
  • ● еңбектің түрлі көлемі мен нәтижелері үшін берілетін материалдық және ынталандырушы қосымша төлемдерді белгілейтін құжаттар әзірлеу ісіне қатысуға құқылы.
    Сынып жетекшісінің лауазымдық міндеттері
  • ● журналды жүргізуге;
  • ● оқушылардың жеке істерін жүргізіп, жай-күйін бақылып отырады;
  • ● сынып ұжымын ұйымдастырады: тапсырмаларды бөледі, белсенділермен жұмыс істейді, оқушыларға бағыт береді;
  • ● үлкен кезекшінің жұмысын ұйымдастырады әрі көмектеседі;
  • ● сыныптағы, мектептегі, асханадағы кезекшіліктерді ұйымдастырады;
  • ● бекітіліп берілген кабинеттің санитарлық жағдайын сақтайды;
  • ● тәрбиеленушілердің, киім киісін бақылап отырады;
  • ● тамақтануды ұйымдастырады; ата-аналармен тегін тамақтандыру және сыныптастарының тегін тамақтанатын балаларға сыпайылықпен қарауы жайындағы түсіндіру жұмысын жүргізеді;
  • ● ата-аналармен бірлесіп, нақты бір себептерсіз сабаққа қатыспай қалатын оқушыларды бақылайды;
  • ● оқуға қолайлылық тудыратын жағдай жасау;
  • ● сыныппен жұмыс істейтін мұғалімдердің қызметін үйлестіріп отырады;
  • ● оқушылар күнделігімен жұмыс істейді, ата-аналармен үлгерім жөнінде

байланысып тұрады;

  • ● анағұрлым дарынды балалардың өсе түсуі үшін, яғни олардың танымдық қызығушылығының, ой-өрісінің кеңеюіне жағдай жасайды;
  • ● үйірмелерге, факультативтерге, байқауларға, олимпиадаларға, жарыстарға тартады;
  • ● экскурсияларды, театрларға, көрмелерге барып тұруды ұйымдастырады; оқушылардың ақыл-ой қызметін үйымдастыру үшін психологгы шақырады (әңгімелесу циклдары, жеке ұсынымдар);
  • ● сыныпта жағымды ахуалдың болуына ықпал етеді, өзара тілектестік қарым-қатынас қалыптастырып, оларды түзетіп әрі реттеп отырады;
  • ● сыныптағы шығармашылық ісін ұйымдастырады;
  • ● оқушылардың денсаулығын нығайтып, оқушыларды дене шынықтыру мен спорт шараларына тартады;
  • ● түрлі қоғамдық балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі;
  • ● әрбір ұйымдастыратын істің қызықты түрлерін, терең мазмұнын іздейді, сынып жетекшісінің кез келген сыныппен кездесуінің мақсатқа лайықты әрі бағытталған болуын белгілейді, айына бір рет тақырып бойынша сынып сағатын өткізеді;
  • ● сыныпта сабақ жүргізетін мұғалімдердің, сондай-ақ ата-аналардың пікірлерін ескеру арқылы әрі қолда бар әдістемелерге сәйкес оқушы тұлғасын зерделейді, олардың мінездемелерімен жұмыс істейді; оқушыларға мамандық таңдауда көмек көрсетеді;
  • ● ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді, әлеуметтік педагогпен ынтымақтастықта әрекет етеді;
  • ● әлеуметтік қорғаусыз қалған балаларды анықтап, есепке алады;
  • ● отбасы берекесіз балаларды анықтап, есепке алады;
  • ● «қиын», «қауіпті топ» қатарындағы жасөспірімдер мен есепте тұрғандардың тәртібін бақылап жүреді;
  • ● тоқсан сайын бір рет ата-аналар арасында тақырып бойынша жиналыс өткізеді;
  • ● отбасы тәрбиесіндегі жағдайды зерделейді;
  • ● ата-аналармен дербес жұмыс жүргізеді;
  • ● сыныптың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыру ісіне ата-аналарды тартады.
    ● сыныптағы оқушылардың тізімін жасап, сынып журналын рәсімдейді (бірінші оқу аптасының басында);
  • ● мектеп кітапханасынан кітап алуды ұйымдастырады (бірінші – екінші оқу күндері бойы);
  • ● оқушылардың отбасы жағдайындағы тәрбиесін зерделейді;
  • ● сыныптың әлеуметтік төлқұжатын анықтайды немесе жасайды және оны әлеуметтік педагогқа тапсырады (оқудың бірінші тоқсаны бойында;
  • ● сынып оқушыларының қосымша білім беретін мекемелерге қатынайтыны туралы толық ақпарат жинайды (қазан айы бойы);
  • ● қабілеттерін дамыту мақсатында оқушыларды әр алуан қызметке, соның ішінде қосымша білім беру бірлестіктері қызметіне тарту жұмыстарын жүргізеді бірінші тоқсан бойында);
  • ● жарты немесе бір жылға арнап сыныптың тыныс-тіршілігін ұжымдық жоспарлауды ұйымдастыру .
  • ● сынып тәрбие жұмысының жоспарын жасап, оны сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігінің жетекшісімен келіседі және бекіту үшін тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасарына тапсырады (қыркүйек бойы).

Күн сайын:

  • ● сынып журналына сабақта жоқ оқушыларды белгілейді;
  • ● оқушылардың сыныптық өзін-өзі басқару органдарына және сыныптағы мектептік өзін-өз басқару органдарының өкілдеріне педагогикалық көмек көрсетеді;
  • ● оқушылардың киім киісін және олардың ауыстырып киетін аяқ киімі
  • ● болуын бақылап отырады;
  • ● сынып оқушыларының тамақтану кезіндегі және асханадағы өздерін ұстай білу мәдениетін бақылайды,
  • ● сыныптағы кезекшілікті бақылауды жүзеге асырады.

Апта сайын:

  • ● оқушылардың күнделіктерін тексереді;
  • ● пән мұғалімдерінің сынып журналын жүргізуін бақылап отырады;
  • ● сынып сағатын және (немесе) жарты сағаттық шараларды ақпарат беру, өзара байланыста болу үшін өткізіп тұрады;
  • ● мектеп ішіндеғі бекітіліп берілген сыныптың санитарлық жағдайын бақылап отырады;
  • ● оқушылардың тамақтануына ақша жинауды ұйымдастырады.
  • ● сынып ұжымының мектеп істеріне қатысуын ұйымдастыру;
  • ● оқушылар өзін-өзі басқару органдарының сынып ұжымы тыныс-тіршілігін қорытындылап шығаруына жәрдемдеседі;
  • ● жол жүру ережесі және қауіпсіздік техникасы мен тіршілік қауіпсіздігі бойынша жоспарлы нұсқама жөніндегі сабақтарды өткізеді;
  • ● жалпы мектептегі кештер және басқа да іс-шаралар кезінде кезекшілік етеді (кезекшілік кестесіне сәйкес);
  • ● өз сыныбындағы педагогикалық тұрғыдан ерекше қамқорлықты талап ететін оқушылардың үйірмелерге, секцияларға, клубтарға және тағы басқа бірлестіктерге қатысуын бақылайды;

Тоқсан бойына:

  • ● оқушылардың денсаулығын сақтау жөніндегі медицина қызметкерлері ұсынымдарының орындалуын ұйымдастыру; санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қадағалайды, ол үшін жауап береді.
  • ● оқушылардың өзін-өзі басқару органдарына сынып ұжымында өмір тіршілігін ұйымдастыруға жәрдемдеседі (ағымдағы ұжымдық жоспарлау, істерді ұйымдастыру және ұжымда талдау);
  • ● сыныптың мектеп бойынша кезекшілігін ұйымдастырып отырады (кезекшілік кестесіне сәйкес);
  • ● сынып оқушыларының мектеп жарғысын дөрекі түрде бұзған жағдайда олардың девиантты мінез-құлықтары;
  • ● өз оқушыларын әлеуметтік жағынан қорғаудың қажеттігі туралы әлеуметтік педагогты, мектеп директоры мен оның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарын жедел хабардар етеді әрі солармен бірге тиісті шаралар қабылдайды;
  • ● мектеп оқулықтарының жағдайын бақылап отырады;
  • ● қосымша білім беру бірлестіктерінің іс-әрекеттеріне сынып

оқушыларының қатысуы туралы ақпараттарды анықтайды;

  • ● педагогикалық консилиумдар өткізеді,
  • ● ата-аналар жиналысын өткізеді;
  • ● сынып ата-аналары комитетінің жұмысын ұйымдастырады (комитеттің жұмыс жоспарына сәйкес);
  • ● сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктеріне барып тұрады әрі тәрбие жұмысының мәселелеріне арналған семинарларға, жиналыстарға және езге де сынып жетекшісінің педагогикалық шеберлігін арттырумен байланысты іс-шараларға қатысады.

Тоқсанның соңында:

  • ● өткен тоқсандағы оқушылар оқуы мен сынып ұжымы тыныс-тіршілігінің қорытындысын шығарады;
  • ● оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарына сыныптағы оқу үлгерімі туралы есеп береді

Каникул уақытында:

  • ● Сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігінің каникул кезіндегі жұмыстарына қатысады;
  • ● өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, оқушылар белсенділерімен, ата-аналармен бірлесіп өз сыныбында каникул кезінде іс-шаралар ұйымдастырады;

Оқу жылының аяғында:

  • ● сынып белсенділермен бірге оқу жылындағы сыныптағы тіршілік қызметінің қорытындысын шығару, яғни есеп беру- сайлау науқанын ұйымдастырады;
  • ● сыныптағы оқу-тәрбие үрдісінің жүру қорытындысына педагогикалық талдау жасап, оны мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына (сыныпта өткен жылы жүргізілген оқу-тәрбие жұмысының есебі түрінде) тапсырады;
  • ● мектеп берген оқулықтарды кітапханаға тапсыртады;
  • ● сынып ішін жөндеу жұмысын ұйымдастырады;
  • ● ата-аналардан балалардың жазғы демалыстары туралы мәліметтер жинайды.

Бітіруші сыныптың жетекшісі:
● мектеп бітірушілердің алдағы оқулары мен жұмысқа орналасуларына қатысты жоспарларынан мәліметтер жинайды (соңғы оқу жылы бойында);

  • ● оқушылармен және өз сыныбының ата-аналарымен бірге мектеп бітіруге байланысты іс-шарлар дайындауды ұйымдастырады (жыл бойына);
  • ● өз түлектерінің оқу орындарына, жұмысқа орналасқандықтары және т.б. жайлы толық ақпараттар жиналады және болуы тиіс (кезекті оқу жылының басында).

Тәрбие жұмысы баланың жасын, психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, төрт бағыт бойынша жоспарланады:

  • ● денсаулық,
    ● оқу,
  • ● қарым-қатынас,
    ● бос уақыт.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

© 2024. Все права защищены.