|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Кәмшат Дөненбаева атындағы жылпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Кәмшат Дөненбаевой отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
27
Ақпан
2025
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздігі комитеті Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті Ұзынкөл шекара бөлімі Ұзынкөл ауданында орналасқан "Кәмшат Дөненбаева атындағы жалпы білім беретін мекткебі" КММ-де Жас шекарашылар қатарына қабылдау рәсімін өткізді.
#біртұтас_тәрбие
|
26
Ақпан
2025
|
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 1 тарауының 10 тармағына сәйкес "Мектепалды жасындағы баланың жеке даму картасын ҰБДҚ базасында цифрлық форматқа көшіру, кейін мектепке беру" "К. Дөненбаева атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиешілері ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

|
25
Ақпан
2025
|
4 "б" оқушылары "Алтын жүрек" челленджіне қатысты
Алығыс күніне арналған "Алтын жүрек" челленджіне қатысқан 1 "б" оқышалыры
|
25
Ақпан
2025
|
К. Дөненбаева атындағы мектептің "Гауһар тас" би ансамблі "Армандастар" хореографиялық байқауына қатысып, құрметті 1-орынға ие болды!
#біртұтастәрбие #армандастар2025

|
25
Ақпан
2025
|
"Кәмшат Дөненбаева атындағы ЖББМ" КММ - де ақпанның 21 күні техникалық бағыттағы мамандықтар беретін Қостанай құрылыс колледжі қызметкері Каптел Г.М. 8-9 сынып оқушыларымен кәсіби бағдарлау жұмысын өткізді. Кездесуде мамандық түрлері, оқуды бітірген соң кейін қайда жұмысқа тұруға болады, грант саны, т.б. жеңілдіктер мен шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыс жасалды. Мектеп бітірушілер сұрақтар қойып, кездесу қызыты өтті.

21.02 күні Кәмшат Дөнебаева атындағы ЖББ мектебінің 6-сынып оқушыларымен (ұл балалар) "Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты" КММ өкілімен кездесу өтті. Кәсіби бағдарлау жұмысының мақсаты - оқушылар мен олардың ата-аналарына “Білім-Инновация” лицейлеріне құжаттарды қабылдау рәсімі қай түрде , қабылдау емтиханы қашан, қандай құжаттар қажет екендігі туралы ақпараттық-түсіндірме жұмысы жүргізіліп, буклеттер таратылды. Оқушылар тарапынан қызығушылық сұрақтар қойылып кездесу әсерлі болды.

18.02 аудандық ІІБ қызметкерлері 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қызметкерлер жол қозғалысы ережелері бойынша дәріс өткізді.







