|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Кәмшат Дөненбаева атындағы жылпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Кәмшат Дөненбаевой отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
9
Желтоқсан
2024
|
Бүгін , 09.12.2024 ж.,мектебімізде «Үйлесімді даму қызметі» апталығы өз жұмысын бастады. Үйлесімді даму - бұл тұлғаның барлық аспектілері тепе-теңдікте болатын және бір-бірімен өзара әрекеттесетін жағдай. Балалар үшін бұл олардың физикалық жағынан ғана емес, ақыл-ой, эмоционалды, моральдық және әлеуметтік жағынан да дамуы керек дегенді білдіреді. Осы мақсатта педагог-психологШегенова Р.Ж., әлеуметтік педагог Муканова Ж.Е., логопед Жакашова Р.К., дефектолог маман Мурзалина Р.К. біріге отырып білім үрдісіне қатысушылармен өткізетін іс-шара жоспарын жасап, оның мазмұнымен ұжымды тәлімсәтте таныстырды.Апта 1-ші күннің «Өмірге «Ия» де!» ұранына сәйкес балалар мен ересектер арасында «Мектепке қандай көңіл-күймен келесің?» атты әлеуметтік сауалнама алынып, орта және жоғары сынып оқушыларымен өткізілген «Өмір үшін дауыс беремін» науқанынына жалғасты.Өткізген әлеуметтік педагог Муканова мен педагог-психолог Шегенова Р.Ж.Үлкен үзілістерде логопед Жакашова мен дефектолог Мурзалина Р.К. бастауыш сынып оқушыларымен «Көңілді ойындар» өткізді.


|
6
Желтоқсан
2024
|
“Желтоқсанды еске алу” көрмесі ашылды!
Бүгін мектебімізде 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған көрме салтанатты түрде ашылды. Бұл шара – тәуелсіздік жолында жанын қиған батырларымызға құрмет пен тағзым белгісі.
Көрме барысында сол кездегі тарихи сәттерден сыр шертетін фотосуреттер, құжаттар, және Желтоқсан қаһармандарының ерлігін көрсетеді.
Келіңіздер, батырларымыздың ерлігін бірге еске алып, еліміздің тарихына терең бойлайық!
Көрме мектебіміздің кітапханасында.

|
2
Желтоқсан
2024
|
Мектепте ұзартылған күн (продленка) тобы өз жұмысын жасап жатыр. Топ жетекшісі Касымканова Гульдана Шабденовна балалармен үй тапсырмасын қызықты орындап қана қоймай, оқушылардың білімге деген құлшынысы артады. Бұл балалардың үйде ата-анасымен қызықты уақыт өткізуіне мүмкіндік береді.

|
2
Желтоқсан
2024
|
Кәмшат Дөненбаева атындағы ЖББМ педагогикалық жасақ мүшелері 5-7 сынып оқушылары арасында Гарри Поттер туралы кітаптар мен фильмдерге арналған "Brain games" интеллектуалды ойыны өткізілді.


2024 жылдың 29 қарашасында К.Дөненбаева атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Оқушыларды қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындаудағы ата – аналардың ролі» тақырыбында 11 сынып түлектерінің ата-аналарына жиналыс өткізілді. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нурмагамбетова З.К. қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге қойылатын талаптар туралы айтты. ҰБТ –жасөспірімдер үшін ересек өмірге жолдамамен таныстырып, ата-аналарды баланың дайындығына жауапкершілікпен қарауға шағырды. Мектеп психологі және кәсіпкерлік бағдарламашы Шегенова Р.Ж. ҰБТ дайындық және бейіндік пәндерді таңдауда сынама тесттер алып соның нәтижесімен бөлісті. Әрбір ата-анаға жеке өз балаларының көрсеткіштерімен таныстырды.

|
29
Қараша
2024
|
Хабардарлық онкүндік аясында К. Дөненбаева атындағы мектепте жоспар негізінде "Мейірімділік" сабақтары өтті.


|
29
Қараша
2024
|
5-11 сынып оқушылары арасында "Өміршендікті, стресске төзімділікті дамыту және терроризм мен діни экстремизімнің алдын алу" бойынша тренинг сабақ өтті. Жасөспірімдермен мектеп психологы Шегенова Р.Ж. және аға тәлімгер Мырзабай Н.М. "Құашақтасу", "Оптимистің қолшатыры", "Стресстік доп", "Мұнда қауіп бар ма?", т.б. жаттығулар мен ойындар өткізді. Оқушыларға айналадағы адамдар адамның пікіріне қалай әсер ете алатындығына және бұл әсерге қарсы тұруға болатындығына, оқушының әлеуметтік әсерге ұшырауына бағалау үшін неге, қандай сөздерге мән беру керектіні баса назар аударылды. Трениг сабақ соңында жаттығулар, ойындар нәтижелерін талқылау арқылы әрбір қатысушы өзі үшін алған нақты көмектері қандай болғанмен бөлісті.
#мектеппсихологы
#аутодиструктивтімінезқұлықпрофилактикасы


|
28
Қараша
2024
|
28 қараша күні Кәмшат Дөненбаева атындағы мектепте бастауыш сынып оқушылары арасында "Қазақтың ұлттық ойындары" жарысы өтті.








