|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Кәмшат Дөненбаева атындағы жылпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Кәмшат Дөненбаевой отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
23
Ақпан
2024
|
"№2 ЖББМ"- де" жоғары сынып оқушыларының арасында, "Өмір-бұл? " тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
#СыныпСағаты
#біртұтас_тәрбие


"№2 Ұзынкөл ЖББМ"- де" бастауыш сынып оқушыларының арасында, "Толеранттылық деген не?" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
#СыныпСағаты
#біртұтас_тәрбие

|
22
Ақпан
2024
|
Ағымдағы жылдың 19.01. күні мектебімізде 1-4 сынып оқушылары арасында "Қысқы ойындар" жарысы өткізілді. Жарыстың мақсаты: Балаларға қуаныш сыйлау, балалардың күнделікті дене жаттығуларына деген қажеттілігін және оны реттей білуін, ептілігін, жылдамдығын, күшін дамыту.
#Біртұтас_тәрбие
|
22
Ақпан
2024
|
Кез келген елдегі жағдайдың шынайы критерийі - бұл балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, материалдық әл-ауқатына, білім алуына және әлеуметтенуіне қаншалықты қамқорлық жасауында. Осы орайда ата-аналарды педагогикалық қолдау Орталығының кезекті отырысы "Баланы жастан... Бала бойындағы тапқырлық пен эрудицияны қалай дамытуға болады" тақырыбынада болды. Бастауыш сынып мұғалімдері Нуртазина С.Е. мен Байбулова А.Қ. ойындардың баланы дамытудың негізгі құралы екендігін атай отырып ата-аналарға отбасында өткізуге, дәстүр қылып енгізуге болатын ойын түрлерін көрсетіп, кеңестер берді, жаднамалар таратты. Кездесу өте әсерлі өтті, қатысушылар өз отбасындағы тәжірибелермен бөлісті, пікір алмасты.
#Ата-аналардыПедагогикалықҚолдауОрталығы
#біртұтас_тәрбие

Ағымдағы жылдың қаңтар айының 17 күні мектебіміздің әлеуметтік педагогы Муканова Ж.Е. 8-санып оқушыларына "Ұл мен қыз баланың ара қатынасы" атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның мақсаты: Балалардың "сыйластық", " достық" туралы түсініктерін кеңейту.
#біртұтас_тәрбие


|
22
Ақпан
2024
|
Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оқу мекелерінде ай сайын профилактикалық дәрістер өткізуді жоспарлаған. Кезекті дәрістер: "Есірткі, психотроптық заттарды (синтетикалық есірткі) және алкогольдік сусындарды қолдану зияны. Есірткі құралдарымен заңсыз жұмыс істегені үшін жауапукршілік", " Интернет- алаяқтықтың алдын алу және бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу" тақырыбындағы дәрістерді әкімшілік полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Мукенов А.Х. 5-11 сынып оқушыларымен өткізді. Жасөспірімдер дәрісті мұқият тыңдап, қойған сұрақтарына жауап алды.

|
9
Қаңтар
2024
|
Аудандық Жаңа жыл шыршаға мектебіміздің үш оқушысы Танатканов Санжар 7 сынып, Ғалымжан Меруерт 3а сынып, Ерсайн Айша 4 а сынып оқушылары қатысып, сыйлықтар берілді. Көп балалы отбасынан шыққан Елубай Нұртілек президенттік Жаңа жыл шыршасына қатысты. Жаңа жыл мерекесіне орай Аудандық кәмелеттік жасқа толмағандар комиссия ұйымы қайырымдылық акциясын ұйымдастырды акцияға әлеуметтік мәртебеге ие оқушылар қатысып 12 оқушыға сыйлық (кулек) берді. АМАНАТ партиясы Абжатов Эльдар мен Сайдалин Амирге «Жаңа жыл» мерекесімен құттықтап тәтті сыйлық берді.








