|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Кәмшат Дөненбаева атындағы жылпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Кәмшат Дөненбаевой отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
4
Сәуір
2025
|
По реализации программы воспитания «Біртұтас тәрбие» в предшкольном классе прошёл Международный день детской книги. Ребята с интересом рассматривали школьные книжки, сказки. Рассказали какие книги им нравятся, какие сказки знают, а также рассказали какие книги и сказки читают дома, в семейном кругу вместе с родителями.
Кәмшат Дөненбаева ЖББ мектебінде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде “Даналық мектебі” жобасының сабақтары өткізілді.
Клуб шеңберіндегі «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Ағалар мектебі», «Жеңгелер мектебінің» мақсаты- озық салт-дәстүрлерді талдап түсіндіру, дәріптеу, отбасы тәрбиесінің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету.
«Даналық мектебі» клубы қызметінің мақсаты – аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу.
Клубтың міндеттері:
аға буынның бастамашыл және ресурстық өкілдерін позитивті ата-ана мәдениетін дамыту жөніндегі жұмысқа тарту;
ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді білім берудің негізгі өзегіне айналдыруға жәрдемдесу;
өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесін таратуға ықпал ету.
«Даналық мектебі» клубының қызметінен күтілетін нәтиже: позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу үшін аға буынның тәжірибесін табысты пайдалану.
#біртұтас_тәрбие


Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Кәмшат Дөненбаева атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ-сі “Таза Қазақстан” экологиялық акциясына белсене қатысты. Іс-шара барысында аумақтар қоқыстан тазартылып, табиғатты қорғауға үлес қосылды. Бұл акция экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын көрсетіп, қоршаған ортаны аялауға шақырды.
#тазаказахстан
#тазақазақстанэкологиялықакциясы


|
3
Сәуір
2025
|
Біздің мектебімізде бастауыш сынып арасында мектепішілік олимпиада өтті. Оның мақсаты — оқушылардың білімдерін тексеріп, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бұл олимпиада арқылы оқушылардың логикалық ойлауын, талдау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мұндай шара мектептегі білім беру сапасын арттырып, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға ықпал етеді.Олимпиада арқылы оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын күшейтіп, олардың болашақта білімдерін ары қарай тереңдетуге мотивация беру көзделеді.
|
3
Сәуір
2025
|
Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасындағы аудандық «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ұзынкөл ауданының білім бөлімі» ММ жалпы білім беретін мектептердің 8-10 сынып оқушылары арасында аудандық Әбіш оқуларын өткізді.
Әбіш оқуларының негізгі мақсаты - мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағытталған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Әбіш оқулары келесі 3 номинация бойынша өткізілді:
• Ә. Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясы) мәнерлеп оқу
• Шығармашылық жұмыс (Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша эссе, баяндама, мақала жазу)
• Ә. Кекілбаев шығармаларына иллюстрациялар сурет салу
Мәнерлеп оқудан 8 - сынып оқушылары Альдикенова Амина 3 -орын алса, Турегельдина Айнур 2-орын алды. Әбіш Кекілбаевтың шығармаларына иллюстрациялық сурет салу кезеңінде 9-сынып оқушысы Құсайын Дария 1-орын алып, облысқа жолдама алды.
#біртұтастәрбие
#85жылұзынкөлауданына
В целях предупреждения незаконного сбора денежных средств с родителей (законных представителей) обучающихся, в соответствии с Законом Республики Казахстан "О противодействии коррупции", статьи 63 Закона Республики Казахстан "Об образовании", в целях предупреждения незаконного сбора денежных средств с родителей и иных законных представителей несовершеннолетних детей дошкольных учреждений, общеобразовательными школами Глубоковского района в целях обеспечения государственных гарантий реализации прав на получение общедоступного и бесплатного дошкольного воспитания и обучения, начального, основного и общего среднего образования.
|
1
Сәуір
2025
|
Камшат Дөненбаева атындағы мектепте бракераждық комиссияның отырысы өтті.









