|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Кәмшат Дөненбаева атындағы жылпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Кәмшат Дөненбаевой отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
10
Желтоқсан
2024
|
5-11 сынып оқушылары арасында "Өмір үшін дауыс беремін!" акциясы.


|
3
Желтоқсан
2024
|
А.ж. 3 желтоқсан күні 3-4 және 5-6 сыныптармен педагог-психолог Шегенова Р.Ж. жеке қауіпсіздік бойынша "Менің жеке қауіпсіздігім" атты тренинг өткізді.Тренингтің мақсаттары өмірдің мүмкін болатын төтенше жағдайларын болжау қажеттілігін ; қолайсыз, өмірге қауіп төндіретін жағдайларда өмір мен денсаулықты сақтау дағдылары, зардап шеккендерге көмек көрсету; жеке қауіпсіздік пен басқалардың қауіпсіздігіне саналы және жауапты көзқарас қалыптастыру болды. Оқушылар "Бейтаныс", "Үйде жалғыз", "Телефон қоңырауы", "Адасып қалсаң", "Бопсалау", "Үйге жол", "Қауіп", т.б. ойындарын ойнау арқылы мінез-құлық қауіпсіздік ережелерін меңгерді, алынған білімді нақты өмірде қалай қолдануға болатыны айтты. Соңында шұғыл қызмет телефондары жазылған жаднамалар таратылды,қазіргі әлемде қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардар болуының маңыздылығы туралы қорытынды жасалды.


|
19
Қараша
2024
|
"Сенім телефоны туралы ақпараттандыру - бала қауіпсіздігіне жасалған қадам" ұранымен "Сенім телефоны" акциясы өтті. Педагог-психолог Шегенова Р.Ж. жасөспірімдермен ақпараттық -түсіндіру жұмыстарын өткізді: сенім телефондары қызметтері, олар қалай жұмыс жасайды, қандай мамандардан кеңес, көмек алуға болатындығы, мектептің қай жерлерінде орналасқаны түсіндірілді, көрсетілді,соңында тесттер алынды.


|
14
Қараша
2024
|
2024 жылдың 14 қарашасы педагогтермен директор жанындағы мәжілісте мектеп психологі Шегенова Р.Ж. "Педагогикалық буллинг" тақырыбында әңгіме өткізді. Педагог тарды 5-11 сыныптар бойынша "Буллинг" сауалнамасының нәтижесімен және педагогикалық буллингтің түрлерімен таныстырды. Мұндағы мақсат-педагогтердің оқушыларға немесе әріптестеріне қатысты тұрақты жағымсыз сөздер айтуынан, қасақана бір адамды немесе топты қорлау, сөзбен кемсітушіліктен , сондай-ақ, оқушылардың сабақ кезінде төмен өзін-өзі бағалауы, үрейленуі немесе ұялшақтығын болдырмауды ескерту, келеңсіз мәселелердің алдын алу болды. Педагогтер буллингті болдырмау үшін әріптестері мен білім алушыларға ең бастысы – адалдық, құрмет, түсіністік және қолдау көрсету қажет екендігін және педагогикалық буллингтің алдын алу – бұл тек нақты адамдарға қатысты әрекет емес, бүкіл білім беру жүйесінің болашағына әсер ететін маңызды қадам екенін түсінді.

|
14
Қараша
2024
|
А.ж. 14 қарашасы күні 8-9-11 сынып ата-аналарымен педагог-психолог Шегенова Р.Ж. «Ата-аналар буллингті қалай тоқтата алады?» атты презентациялық сабақ көрсетілді.Көптеген балалар өздерінің қорлағанын мойындауға ұялады. Олар бұл туралы ешкімге айтпауы мүмкін, сондықтан ата-аналарға назар аудару керек белгілер көрсетілді. "Ата-аналар қорқыту көріністерінің алдын алуда маңызды рөл атқаратындықтары, " Буллингті болдырмау үшін баланы қалай тәрбиелеген дұрысырақ ?"деген сұрақтар бойынша туралы пікіралмасу болды. Кездесу соңында ата-аналар үшін де, ата-аналардың балалар үшін айтуы керек кеңестер берілді.

|
28
Қазан
2024
|
Педагог -психолог Шегенова Р. Ж. мектеп педагогтары үшін “COMMUNITY POWER: жастардың суицидімен жұмыс істеу бойынша қоғамдастықтардың әлеуетін нығайту” тренинг жобасы шеңберінде оқыту вебинарын өткізді. Вебинар екі бөлімнен тұрды – теориялық және практикалық. Вебинардың теориялық бөлімінде “QPR” (сұраңыз, сендіріңіз, бағыттаңыз) әдісі қарастырылды. Практикалық бөлімде қатысушылар кейс-жағдайларды қарастырды. Мұғалімдер қауіп факторы, триггерлер, қорғаныс факторы сияқты суицидтің компоненттерін анықтауға үйренді.

|
23
Қазан
2024
|
Қазанның 23 күні 5-11 сынып оқушыларымен мектеп психологы Шегенова Р.Ж. "Эмоционалдық интеллект" (ЭИ) тақырыбында тренинг сабақ өткізді. Мақсаты-жасөспірімдерге ЭИ дағдыларын меңгерту.
Оқушыларға негізгі эмоциялар мен олардың мағынасы көрсетілді, ЭИ дағдыларын меңгеру үшін қандай әрекет жасау керек, эмоция мен сезімнің айырмашылығы неде, неліктен ЭИ жаттығуы керек деген сұрақтарға жауап алды. Тренинг барысында "Ашу", "Мазасыз/тітіркендіргіш шыбын", қарапайым техника "Ішпен тыныстау" , т.б. жаттығулар жасалды.
Қатысушылар ЭИ жоғары және ЭИ төмен адамдардың белгілерін білді.


|
16
Қазан
2024
|
Қазанның 16-сы күні 7-11 сынып оқушылармен мектеп психологы "Қауіпсіздік дәлізі" тақырыбында тренинг сабақ өткізді. тренинг барысында жасөспірімдермен «Өмірлік қиындықтар», «Қауіпсіздік факторлары», «Адам баласының құндылығы» туралы ақпараттар алмасу болды. Оқушылар өз сезімдері туралы, бұрын өздерінде қандай «құндылықтарды» байқамағаны туралы айтып береді. Кездесу соңында Өмірге оң көзқарас қалыптастыру, адам өз бойынан, айналасынан қандай ресурстар таба алатыны туралы "Өмірлік ресурстар" тақырыбымен кеңестер берілді.








