Қазанның 23 күні 5-11 сынып оқушыларымен мектеп психологы Шегенова Р.Ж. "Эмоционалдық интеллект" (ЭИ) тақырыбында тренинг сабақ өткізді. Мақсаты-жасөспірімдерге ЭИ дағдыларын меңгерту.
Оқушыларға негізгі эмоциялар мен олардың мағынасы көрсетілді, ЭИ дағдыларын меңгеру үшін қандай әрекет жасау керек, эмоция мен сезімнің айырмашылығы неде, неліктен ЭИ жаттығуы керек деген сұрақтарға жауап алды. Тренинг барысында "Ашу", "Мазасыз/тітіркендіргіш шыбын", қарапайым техника "Ішпен тыныстау" , т.б. жаттығулар жасалды.
Қатысушылар ЭИ жоғары және ЭИ төмен адамдардың белгілерін білді.