23 сәуір – Ұлттық кітап күні
Бүгін Кәмшат Дөненбаева атындағы мектепте Ұлттық кітап күні ерекше аталып өтті. Мерекенің салтанатты ашылуы қазақ биімен басталып, мектеп оқушылары өнерлерін ортаға салды.
Шараның құрметті қонағы – Ұзынкөл ауданының ардақты ақсақалы Кенесары Омарұлы болды. Ол бұл мерекеге зор ықыласпен арнайы келіп қатысты.
Кенесары Омарұлы мамандығы бойынша агроном. Бір кездері бас агроном, совхоз директоры болып қызмет атқарған. Дегенмен, оның жүрек қалауымен айналысқан сүйікті ісі – әдебиет пен тарихты оқу еді. Ұзынкөл ауданының тарихына ерекше қызығушылық танытып, ауданның 80 жылдығына арналған гимннің авторы атанды.
Бүгінгі кездесуде Кенесары Омарұлы өзінің шығармаларынан үзінділер оқып берді. Балалар ынта-ықыласпен тыңдап, үлкен әсер алды. Көптеген оқушылар сұрақтар қойып, шығармашылық пен тарихқа деген қызығушылықтарын білдірді. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне, кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыруға зор ықпал етеді.
#БалаКөзімен#ДетскийВзгляд
#балаларкітапханасы#біртұтас_тәрбие
-> Видеоролик