Кәмшат Дөненбаева ЖББ мектебінде “Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде “Даналық мектебі” жобасының сабақтары өткізілді.
Клуб шеңберіндегі «Аталар мектебі», «Әжелер мектебі», «Ағалар мектебі», «Жеңгелер мектебінің» мақсаты- озық салт-дәстүрлерді талдап түсіндіру, дәріптеу, отбасы тәрбиесінің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету.
«Даналық мектебі» клубы қызметінің мақсаты – аға буынның педагогикалық әлеуетін өзектендіру арқылы ата-аналардың позитивті мәдениетін дамытуға жәрдемдесу.
Клубтың міндеттері:
аға буынның бастамашыл және ресурстық өкілдерін позитивті ата-ана мәдениетін дамыту жөніндегі жұмысқа тарту;
ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді білім берудің негізгі өзегіне айналдыруға жәрдемдесу;
өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесін таратуға ықпал ету.
«Даналық мектебі» клубының қызметінен күтілетін нәтиже: позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу үшін аға буынның тәжірибесін табысты пайдалану.
#біртұтас_тәрбие