Қарашаның 28-і күні N2 Ұзынкөл ЖББ мектебінде "Отбасы - тәрбие негізі: Бақытты бала - бейбіт елдің тірегі" тақырыбымен "Азаматтық құқықтық түсіндіру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында ата -аналар жиналысы өтті. Жиналыстың күн тәртібінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы деструктивті мінез-құлықтың нысандарының алдын алу бойынша, балаларға қатысты дасалатын зорлық-зомбылық, қатыгездік мәселелері, жалпы балалар өмірінің қауіпсіздігі мәселесі қаралды. Аталған тақырыптар бойынша мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Шегенова Р Ж., аудандық аурухананың салауатты өмір сүру(СӨС) кабинетінің медбикесі Гапша А. К., және мектеп инспекторы Касымов А. М. ақпараттар, кеңес -нұсқаулықтар берді. Сонымен қатар этностардың тығыз орналасқан елді мекендердегі білім беру ұйымдарында азаматтық бірегейлік пен ұлтаралық келісімді қалыптастыру және мемлекеттік тілдің қолданылуына байланысты ақпараттық-түсіндіру әңгімесі өткізілді.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің № 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Узункольская общеобразовательная школа № 2 отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің № 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Узункольская общеобразовательная школа № 2 отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области
Мектеп туралы
"№ 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі" КММ 1985 жылы сәуірде пайдалануға берілді. Мектеп директоры Амрина Аклима Алпамышқызы. Жобалық қуаты 333 орын.Мектепте БӨП 27 тәрбиеленуші. Соның ішінде:1 сынып-18 оқушы, 2 сынып-23 оқушы, 3 сынып-20 оқушы, 4 сынып-18 оқушы, 5 сынып-19 оқушы, 6 сынып-11 оқушы, 7 сынып-11 оқушы, 8 сынып-11 оқушы, 9 сынып-21 оқушы, 10 сынып-8 оқушы, 11 сынып-2 оқушы. Жалпы оқушылардың саны -190. Кадрлық құрамы:мектепте 32 педагог жұмыс істейді, жоғары білімі бар – 26. 32 педагогтың ішінде санаттары: "педагог" - 3,"педагог-модератор" - 5, "педагог-сарапшы" - 8, "педагог-зерттеуші" - 5, "бірінші санат" – 1, "екінші санат"- 1 санатсыз – 9. Мектепте 2021 жылы 222 188 331 теңге сомасына күрделі жөндеу өтті.
Іздеуді оқып-үйрену
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысы