Жаңа оқу жылынан бастап әрбір жалпы орта білім беру ұйымының базасында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмыс істейтін болады. Орталық ата-аналар қоғамдастығының өкілдерін, отбасылық және қоғамдық тәрбие байланысына мүдделі әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерді біріктіреді. Орталықтың қызметі позитивті ата-ана мәдениетін арттыру арқылы балалардың қауіпсіздігін, денсаулығын және психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге арналған. Осыған орай мектепте «Аталар мен ағалар мектебі» «Әжелер мен жеңгелер» метебі өз жұмысын бастап кеткен болатын, Даналық мектебі секциялары өз отырыстарын өткізді, жоспарларын құрды, жоспарға сәйкес бірқатар жұмыстар атқаруда.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің № 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Узункольская общеобразовательная школа № 2 отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің № 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Узункольская общеобразовательная школа № 2 отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области
Мектеп туралы
"№ 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі" КММ 1985 жылы сәуірде пайдалануға берілді. Мектеп директоры Амрина Аклима Алпамышқызы. Жобалық қуаты 333 орын.Мектепте БӨП 27 тәрбиеленуші. Соның ішінде:1 сынып-18 оқушы, 2 сынып-23 оқушы, 3 сынып-20 оқушы, 4 сынып-18 оқушы, 5 сынып-19 оқушы, 6 сынып-11 оқушы, 7 сынып-11 оқушы, 8 сынып-11 оқушы, 9 сынып-21 оқушы, 10 сынып-8 оқушы, 11 сынып-2 оқушы. Жалпы оқушылардың саны -190. Кадрлық құрамы:мектепте 32 педагог жұмыс істейді, жоғары білімі бар – 26. 32 педагогтың ішінде санаттары: "педагог" - 3,"педагог-модератор" - 5, "педагог-сарапшы" - 8, "педагог-зерттеуші" - 5, "бірінші санат" – 1, "екінші санат"- 1 санатсыз – 9. Мектепте 2021 жылы 222 188 331 теңге сомасына күрделі жөндеу өтті.
Іздеуді оқып-үйрену
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Тәрбие жұмысы