ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің № 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Узункольская общеобразовательная школа № 2 отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области
Ұзынкөл а.
+7 (714) 442 23 18
uzunkolskayaoosh2@uzunkol.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің № 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Узункольская общеобразовательная школа № 2 отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Мы рады вас видеть на официальном сайте нашей школы!

Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше
образовательное учреждение.

Перейти в раздел

Еңбек жолы – адалдық пен төзімділіктің айнасы.

Ұстаздық – жай ғана мамандық емес, жүрек қалауы. 

 

“Мен, Шегенова Римма Жакиевна, өзімнің  34 жылдан тұратын еңбек  жолым туралы  айтқым келеді. Еңбек жолым 1883 жылы мектеп бітірісімен  комсомолдық жолдамамен  құрылысқа келуімнен басталды.. Қарап отырсам қазіргі айтылып жүрген «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» деген ұғымдардың  дәлелі болатын  нағыз ерен еңбек иелері  ортасына келген екенмін. Екі жыл бойы  осындай адал адамдардан еңбек еттім. Айта кететін жайт - сол кездегі құрылыс обьектісі - қазіргі  өзім 32 жыл еңбек етіп, зейнетке шыққалы отырған  мектебім еді. Яғни  қабырғасы қаланған бері шәкірттеріміздің  білім алып, үлкен өмірге түлеп ұшып жатқан көркем де, жайлы,  кең де әсем  қазіргі Кәсшат Дөненбаева атыдағы  жалпы білім беретін мектеп.

1886 жылы бастапқы мақсатыма – жоғарғы оқу орнына  түсіп, мұғалмдік мамандық алуыма бет бұрдым. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының физика-математика факультетін 5 жыл оқып , 1991 жылы бітіріп, математика мұғалімі еңбек жолын Торғай облысы, Державин ауданы, Братолюбовка ауылында бастадым.

Есімде, 1993 жылы аудан орталығында алғаш №3 қазақ мектебі ашылғаны. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары болып 3 жыл  бірге еңбек еттім. Педагог мамандығы - заман талабына сай , педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын, педагогикалық өзгерістерге тез төселетін, жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, инновациялық білімді дамытатын мамандық.Еңбек ете жүріп 2012 жылы «Көкше» Академиясына оқуға түсіп,  педагог-психолог мамандығын алып шықтым.

Менің өмірлік ұстанымым, басты мақсатым - балалар мен жастарды тәрбиелеп, олардың бойына осы озық құндылықтарды сіңіру. Адам өмірінде ең басты құндылықтардың бірі -адал еңбек ету және адал табысқа қол жеткізу — тек жеке тұлғаны ғана емес, бүкіл қоғамды жетілдірудің негізгі жолдары болып табылады.”

 

#еңбекадамы 

#человектруда 

#ҰзынкөлАуданына85Жыл

#УзункольскомуРайону85Лет

53c35ab0-74ac-4634-ba9e-467a22e28c81.jpg

© 2025. Все права защищены.