ВКЛ / ВЫКЛ: ИЗОБРАЖЕНИЯ: ШРИФТ: A A A ФОН: Ц Ц Ц Ц
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің № 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Узункольская общеобразовательная школа № 2 отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области
Ұзынкөл а.
+7 (714) 442 23 18
uzunkolskayaoosh2@uzunkol.edu.kz

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің № 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Узункольская общеобразовательная школа № 2 отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области

МЕНЮ

Біз сіздермен сәлемдесуге
қуаныштымыз мектебіміздің ресми сайтында!

Сайт біздің қалай екенімізді білгісі келетіндердің
барлығына арналған оқу орны.

Бөлімге өтіңіз
23
Ақпан
2024

Изображение WhatsApp 2024 02 23 в 15.28.33 d660a78b

Кейбір заңнамалық актілерге баланың құқықтарын қорғау, білім беру, ақпарат және ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 3 МАМЫРДАҒЫ ҚРЗ іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР ПРЕМЬЕР МИНИТРІНІҢ 2022 жылғы 16 шілдедегі №113 ӨКІМІ «Білім туралы» ҚРЗ 5-бабының 46-25) тармағы орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің (бұдан әрі - ПҚ) жұмыс тәртібін айқындайды.

  • Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу іс-әрекетінің білім беру уәждемесін, үлгерімін, шығармашылық өзіін-өзі іске асыруын, психологиялық жай-күйін тұрақтандыру, бейінді өзін-өзі айқындау және басқа да қолайлы жағдайларын ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
  • Білім беру қызметіндегі қиындықтарды АНЫҚТАУҒА ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКАЛАУҒА, консультация беруге, білім беру ортасы жағдайында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мен қолдау көрсетуге, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтардың, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің психологиялық салауаттылығын сақтау және нығайтуды көздейді.
  • Психологиялық қызмет – білім беру ұйыымының АЛҚАЛЫ ОРГАНЫ. ҚҰРАМЫНДА – білім беру ұйымы басшысының (диретордың) орынбасары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагог. Психологиялық қызметтің құрамы орта білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен реттеледі және бекітіледі.
  • СЫНЫП ЖЕТЕКШІЛЕР, ТӘРБИЕШІЛЕР, КУРАТОРЛАР, ПӘН ПЕДАГОГТАРЫ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді психологиялық-педагогикалық қолдау процесіне қатысады және лауазымдық міндеттеріне сәйкес ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды.   

 

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ПРОЦЕСІ

БАСТАУЫШ білім беру деңгейінде – әрбір білім алушының бейімделуі және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру кезінде танымдық және оқу уәждемесін, дербестігін және өзін-өзі реттеуді дамытуда қолдау көрсету.

НЕГІЗГІ орта білім беру деңгейінде – оқытудың жаңа жағдайларына бейімделу, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің танымдық және оқу іс-әрекетін дамыту, жеке және құндылық-мағыналық өзін-өзі дамыту және өзін-өзі міндеттерін шешуде қолдау көрсету, танымдық процестерге тұрақтылықты қалыптастыру.

ЖАЛПЫ орта білім беру деңгейінде – білім алушы мен тәрбиеленушіге өзін-өзі анықтауға және жеке сәйкестілікке, бейінді бағдарлануға көмек көрсету, мақсат қою және дербес шешімдер қабылдау қабілетін дамытуға, орнықты дүниетанымдық қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады

ҚЫЗМЕТ ТӘРТІБІ ҚАМТИДЫ:

Бақылау, әңгімелесу, диагностика жүргізу, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерден, ата-аналардан немесе өзге заңды өкілдер мен педагогтерден келіп түскен ауызша немесе жазбаша түскен өтініштерді (сұраныс) талдау арқылы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытудағы, дамыту мен тәрбиелеудегі ҚИЫНДЫҚТАРДЫ АНЫҚТАУ

Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жеке немесе топтық әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ

Білім алушылар және тәрбиеленушілермен, педагогтармен  және ата-аналармен немесе өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимылдың интерактивті нысандарын қоса алғанда, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жөніндегі іс-шараларды, педагогикалық кеңестер, семинарлар мен конференциялар ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ

Әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін педагогтер мен мамандардың ПӘНАРАЛЫҚ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің табысты әлеуметтенуі, кәсіби бағыттылығын, бейіндік оқу траекториясы мен жеке білім беру кеңістігін саналы таңдауына ЖАҒДАЙ ЖАСАУДЫ ҚАМТИДЫ.

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПРИНЦИПТЕРІ

  • Кәсіби ӘДЕПТІ САҚТАУДЫ;
  • Баланың жеке басына ЭМПАТИЯ және ҚҰРМЕТ көрсетуді; Білім алушы мен тәрбиеленушінің жеке және жас ерекшелігін ЕСЕПКЕ АЛУДЫ;
  • Психологиялық және педагогикалық білімді ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫ;
  • Баланың құқықтары мен мүдделерін сақтай отырып, ақпараттың ҚҰПИЯЛЫЛЫҒЫН САҚТАУ;
  • Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің, педагогтардың денсаулығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне зиян келтіру мүмкіндігін БОЛҒЫЗБАУДЫ;
  • Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру процесінде сүйемелдеудің ҒЫЛЫМИ, КЕШЕНДІЛІГІ, бірізділігін, кезеңділігін және үздіксіздігін ескере отырып жүзеге асыруды.

 

Өтініштер (сұраныс)бойынша жұмыс тәртібі

  • білім алушылар мен тәрбиеленушілерде эмоционалды-еріктік, мінез-құлық тәуекелдері мен оқуда және дамуда қиындықтар, сондай-ақ кәсіби күйіп қалудың өзіндік проблемалары анықталған жағдайда педагогтердің өтініштері ;
  • педагогтің өтініші тіркеледі және психологиялық қызмет мамандарымен қаралады;
  • психологиялық қызметтің мамандары жағдайды зерттеп, басшыны хабардар етеді;
  • әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің нысандары мен әдістерін анықтайды;
  • психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары мен мүдделерін ескере отырып, алынған деректердің құпиялылығын сақтайды

 

ҰСЫНЫЛАТЫН ҚЫЗМЕТ ТӘРТІБІ ПҚ ОРНАТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ:

 

  • Әрбір білім алушыны әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеумен қамтамасыз етуге қойылатын бірыңғай талаптарды АЙҚЫНДАУ: психологиялық қызметтің бірыңғай бағыттары, мақсаттары, міндеттері, қағидаттары, мүшелерінің және психологиялық-педагогикалық қолдау процесіне қатысушылардың құрамы
  • Білім беру процесіне қатысушылардың (білім алушылар мен тәрбиеленушілер, ата-аналар, педагогтар) психологиялық қызметіне ЖҮГІНУ ТӘРТІБІН РЕТТЕУ
  • Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық мәдениетін АРТТЫРУ Баланың құқықтары мен мүдделерінің САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 

© 2024. Все права защищены.