«Кәмшат Дөненбаева атындағы ЖББм-де 5-8 және 9-11 сынып оқушыларымен «Бақылаудағы күйзеліс» тақырыбында тренингтер өтті.
Тренингтің мақсаты: балаларды күйзелісті тануға, оның себептерін және онымен күресу жолдарын түсінуге үйрету.Тренинг барысында «Күйзеліс дегеніміз не?», «Күйзелісжәнемен», «Күйзеліспен күресу әдістері», «Мен күйзелісті қалай жеңемін?» жаттығулары өткізілді, жағдаяттар талданды. Жасөспірімдер күйзелістің өмірдің қалыпты бөлігі екенін,бірақ оны басқаруды үйрену және оны бізді басқаруға жол бермеу маңызды екенін түсінді.Кез келген жағдайда өздерін сенімді сезіну үшін тренингте білгендерін пайдалана алу керек деген қорытынды жасалы.