А.ж. 3 желтоқсан күні 3-4 және 5-6 сыныптармен педагог-психолог Шегенова Р.Ж. жеке қауіпсіздік бойынша "Менің жеке қауіпсіздігім" атты тренинг өткізді.Тренингтің мақсаттары өмірдің мүмкін болатын төтенше жағдайларын болжау қажеттілігін ; қолайсыз, өмірге қауіп төндіретін жағдайларда өмір мен денсаулықты сақтау дағдылары, зардап шеккендерге көмек көрсету; жеке қауіпсіздік пен басқалардың қауіпсіздігіне саналы және жауапты көзқарас қалыптастыру болды. Оқушылар "Бейтаныс", "Үйде жалғыз", "Телефон қоңырауы", "Адасып қалсаң", "Бопсалау", "Үйге жол", "Қауіп", т.б. ойындарын ойнау арқылы мінез-құлық қауіпсіздік ережелерін меңгерді, алынған білімді нақты өмірде қалай қолдануға болатыны айтты. Соңында шұғыл қызмет телефондары жазылған жаднамалар таратылды,қазіргі әлемде қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардар болуының маңыздылығы туралы қорытынды жасалды.