Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Кәмшат Дөненбаева атындағы жалпы білім беретін мектебінде бастауыш сынып апталығы «Ғарыш – шексіз әлем» тақырыбы аясында тәлімсәт өтті.
Оқушылар ғылыми викториналық сұрақтарға жауап беріп, білімдерін ортаға салып, ғылым мен техника әлеміне бір қадам жақындай түсті.
Тәлімсәттің ең әсерлі сәттерінің бірі – жасанды интеллект көмегімен жасалған Тоқтар Әубәкіров пен Юрий Гагариннің бейнесөздері болды. Шара соңында әр балаға ғарыш экипажына арналған арнайы билет табысталды. Бұл билеттер 14-25 күндері аралығындағы “ғарыш сапарына” қатысатын болашақ ғалымдарға арналды.