Мектебімізде «Жеңгелер мектебі» атты тағылымды кездесу өтті. Бұл іс-шараның мақсаты — ұлттық салт-дәстүрімізді ұлықтау, жеңгелер институтының тәрбиелік мәнін жас ұрпаққа түсіндіру. Шара барысында ауылымыздың ақылды, ибалы жеңгелері жиналып, өздерінің отбасындағы орны, қайнысы мен қайынсіңлісіне деген қарым-қатынасы туралы әсерлі әңгімелер айтып, оларды қалай еркелететінін, қандай ақыл-кеңестер беретінін бөлісті.
Сондай-ақ жеңгелеріміз өздерінің шеберліктерін де көрсетіп, мармелад пен мұз кәмпит жасау процесімен бөлісті. Қыздар қауымы тәтті тағам дайындаудың қыр-сырына қанығып, ұлттық тағам мәдениетіне қызығушылық танытты. Кеш соңында оқушылар жеңгелерге түрлі сұрақ қойып, олардың өмірлік тәжірибесінен мол мағлұмат алды.
Бұл кездесу оқушылардың бойына үлкенге құрмет, кішіге ізет сынды асыл қасиеттерді дарытатын, тәрбиелік мәні зор шара болды.
Жеңгелер мектебінің модераторы: Мырзабай Нұршат Мақсатқызы
#біртұтастәрбие #жеңгелермектебі
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің № 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Узункольская общеобразовательная школа № 2 отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің № 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Узункольская общеобразовательная школа № 2 отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области
МЕНЮ