Аға тәлімгер Нұршат Мақсатықызы мен “Жас инспектор көмекшілері” жол ережелерін үйретті
Мектебімізде “Жас жол инспекторлары” тобының көмекшілері бастауыш сынып оқушыларына арнап жол қозғалысы ережелері бойынша танымдық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында оқушыларға жаяу жүргіншілердің қауіпсіз жүрісі, бағдаршамның мәні, жол белгілерінің маңызы жайлы ақпарат берілді.
Жас инспекторлар түрлі сұрақ-жауап, ойын элементтері, визуалды материалдар арқылы балалардың қызығушылығын арттыра білді. Іс-шара соңында оқушылардан кері байланыс алынып, олардың алған әсерлері мен жаңа білімдері бағаланды.
Бұл іс-шара жол қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, кішкентайлардың тәртіпті әрі сақ жүргінші болуына ықпал етті.
#ұзынкөлауданы85жыл #біртұтастәрбие
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Кәмшат Дөненбаева атындағы жылпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Кәмшат Дөненбаевой отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Кәмшат Дөненбаева атындағы жылпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Кәмшат Дөненбаевой отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области
МЕНЮ