Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасындағы аудандық «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ұзынкөл ауданының білім бөлімі» ММ жалпы білім беретін мектептердің 8-10 сынып оқушылары арасында аудандық Әбіш оқуларын өткізді.
Әбіш оқуларының негізгі мақсаты - мектеп оқушылары арасында Әбіш шығармаларын насихаттау, олардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, сөз мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи танымдарын, ізгілікке, демократияға және азаматтыққа бағытталған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірлік айқындамаларын қалыптастыру.
Әбіш оқулары келесі 3 номинация бойынша өткізілді:
• Ә. Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясы) мәнерлеп оқу
• Шығармашылық жұмыс (Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша эссе, баяндама, мақала жазу)
• Ә. Кекілбаев шығармаларына иллюстрациялар сурет салу
Мәнерлеп оқудан 8 - сынып оқушылары Альдикенова Амина 3 -орын алса, Турегельдина Айнур 2-орын алды. Әбіш Кекілбаевтың шығармаларына иллюстрациялық сурет салу кезеңінде 9-сынып оқушысы Құсайын Дария 1-орын алып, облысқа жолдама алды.
#біртұтастәрбие
#85жылұзынкөлауданына
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Кәмшат Дөненбаева атындағы жылпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Кәмшат Дөненбаевой отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Кәмшат Дөненбаева атындағы жылпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Кәмшат Дөненбаевой отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области
МЕНЮ