Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 1 тарауының 10 тармағына сәйкес "Мектепалды жасындағы баланың жеке даму картасын ҰБДҚ базасында цифрлық форматқа көшіру, кейін мектепке беру" "К. Дөненбаева атындағы жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбиешілері ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.