“Олардың игілігін ешқашан ұмытпаймыз” – Ауған соғысына арналған көрме
Бүгін біздің кітапханада Ауған соғысының ардагерлеріне арналған көрме ұйымдастырылды.
Бұл соғыс 10 жылға созылып, мыңдаған қазақстандық азаматтардың өміріне әсер етті. 22 000-нан астам жауынгер Ауған жерінде борышын өтеп, олардың 761-і ерлікпен қаза тапты, 21 адам із-түзсіз жоғалып, 1000-нан аса сарбаз мүгедек болып оралды.
Көрмеде тарихи деректер, жауынгерлердің естеліктері, фотосуреттер мен кітаптар қойылды. Бұл – ерлік пен қайсарлықтың, Отан алдындағы парыздың көрінісі.
Біз олардың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз!