Ұзынкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бастамасымен "Ұзынкөл жастары" ҚБ "Түрлі тыйым салынған заттарды қолданудың, түрлі түрдегі құмар ойындарды теріс пайдаланудың салдары туралы жастардың хабардарлығын арттыруға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу" жобасы аясында Кәмшат Дөненбаева атындағы ЖББМ жоғары сынып оқушыларының қатысуымен семинар ұйымдастырды. Облыстық деңгейдегі дәріскер Альбина Ерохина балалармен зиянды әдеттер, вейп пен нашақорлық пен лудоманияның қауіптілігі мен зияны туралы қызықты түрде әңгімелесті.