«Кәмшат Дөненбаева атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ-де «Даналық мектебі» клубының жұмысы аясында «Әжелер даналығы» мектебі және 9-11 сынып қыз балаларымен бірлескен «Әйел адамның отбасындағы рөлі» атты мектепішілік іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Қыздарды отбасындағы ананың рөлін көрсете отырып, халқымыздың сан ғасырлық мәдени жәдігерлері мен ұлттық құндылықтарын тәрбиенің негізгі өзегіне Айналдыру, отбасы тәрбиесінің үздіксіздігі мен сабақтастығынқамтамасыз ету.
Дана, кемеңгер, тәжірибесі мол әжелер арқылы отбасындағы ата-ананың ролін, ана тәрбиесі негізінде әкенің орнын, отбасы құндылығын түсінуге, ата-баба дәстүрін біліп, үлкенге ізет, кішіге ілтипат көрсетуге білуге тәрбиелеу бағыттау жұмысы жүрді. Кездесудің түпкі мақсаты иманды да инабатты қазақ қыздарының бейнесін қалыптастыру еді.
Іс-шара барысында жағдаяттарды шешу (кей-стади), рөлдік ойын, ой қозғау әдістері қолданды.Әжелер қыздарымызға әдет-ғұрып, ұлттық салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындырды. Отбасындағы және әлеуметтік ортадағы ананың рөлдерін оқушы қыз балалар аналардың үй шаруасында отырып та, мансапты қызметте жүріп те немесе стандартты жұмыскер ретінде де отбасының ұйытқысы бола білу керек, отбасында қамқорлықта сүйіспеншілікте өмір сүру керек деген ұйғарымға келді.
Кездесу соңында қыз балалар соңында әжелерге арнап «Әжетайым» әнін орындап берді.