"К.Дөненбаева атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ-нде 6-11 сыныптар оқушыларының арасында "Нашақорлықтың, лудоманияның және вапингтің алдын алу" дәріс-семинар өтті.
Мақсаты: оқушалар арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және лудоманияның алдын алу бойынша ақпарат беру, құқықтық сауаттылықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
Кездесу нәтижесінде оқушылар құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және лудоманияның салдары туралы кең көлемде ақпарат алды. Жауапты тұлғалар тарапынан келешекте осындай профилактикалық шараларды тұрақты түрде өткізу қажет екені айтылды. Оқушылар арасында салауатты өмір салтын ұстануға, саналы мотивация берілді.