15-қараша – Ұлттық валюта күні
1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді. Бұл күн еліміздің экономикалық тәуелсіздігін айшықтайтын маңызды оқиға болып табылады. Теңге – Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдарының бірі және еліміздің қаржылық тұрақтылығы мен дербестігін қамтамасыз ететін маңызды құрал.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға ұлттық валютаның пайда болу тарихы, оның экономикалық маңызы, алғашқы банкноттардың дизайны мен ерекшеліктері туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ, Қазақстанның қаржы жүйесінің дамуы және теңгенің қазіргі кезеңдегі рөлі түсіндірілді.
Оқушылар ұлттық валютамыздың тұрақтылығы мен оның мемлекетіміздің дамуындағы орнын ұғынды. Ұлттық құндылықтарға деген құрмет пен патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында түрлі интерактивті ойындар мен талқылаулар ұйымдастырылды.
#біртұтас_тәрбиe