«№2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде « Алтын сақа» математикалық олипиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиаданың мақсаты міндеттері: математика пәні бойынша қабілетті балаларды анықтау, олимпиада резервін қалыптастыру математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, ғылымға баулу; оқушыларды математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру. 3-4 сыныптар арасынан 9 оқушы, 5-6 сыныптардан 2 оқушы қатыстырылды. Аудандық кезеңге 3 сыныптан Танатканов Жандос, Мұсатрақ Асанәлі, Волошина Ирина 4 сыныптан Кабдуалиев Ерсұлтан, 5 сыныптан Даулетбаева Дильназ, Актанова Дильназ өтті. Оқушыларға сәттілік тілейміз.







