«Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы» КММ ұсынымымен, мектепте , "Кәмелетке толмағандарға қатысты аутодеструктивтік мінез-құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу" тақырыбында 5-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті. Мақсаты: жасөспірімдердің өзіне-өзі қол жұмсауы және кәмелетке толмағандарға тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалу мәселесінде ата-аналарға профилактикалық көмек көрсету. Жиналыс аясында 2 блок (теориялық және практикалық) қарастырылды. ата-аналар аталған мәселелер бойынша толық ақпарат берілді. ата-аналар бейнероликтерді қарап,практикалық жаттығулар жасап, жасөспірім мен ересектердің арасындағы қарым-қатынас туралы өз ойларымен, ұсыныстарымен бөлісті, мектеп мамандары психолог Шегенова Р.Ж. және әлеуметтік педагог Муканова Ж.Е. кеңестер берді, жадынамалар таратты. Ата-ана жиналысына қатысып, белсенділік танытқан ата-аналарды қолдау мақсатында "Сіз ең керемет әкесіз (анасыз)" сөздері жазылған алғыс алқа берілді.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Кәмшат Дөненбаева атындағы жылпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Кәмшат Дөненбаевой отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Кәмшат Дөненбаева атындағы жылпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Кәмшат Дөненбаевой отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области
МЕНЮ