Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің № 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Узункольская общеобразовательная школа № 2 отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің № 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Узункольская общеобразовательная школа № 2 отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области
"№ 2 Ұзынкөл жалпы білім беретін мектебі" КММ 1985 жылы сәуірде пайдалануға берілді. Мектеп директоры Амрина Аклима Алпамышқызы. Жобалық қуаты 333 орын.Мектепте БӨП 27 тәрбиеленуші. Соның ішінде:1 сынып-18 оқушы, 2 сынып-23 оқушы, 3 сынып-20 оқушы, 4 сынып-18 оқушы, 5 сынып-19 оқушы, 6 сынып-11 оқушы, 7 сынып-11 оқушы, 8 сынып-11 оқушы, 9 сынып-21 оқушы, 10 сынып-8 оқушы, 11 сынып-2 оқушы. Жалпы оқушылардың саны -190. Кадрлық құрамы:мектепте 32 педагог жұмыс істейді, жоғары білімі бар – 26. 32 педагогтың ішінде санаттары: "педагог" - 3,"педагог-модератор" - 5, "педагог-сарапшы" - 8, "педагог-зерттеуші" - 5, "бірінші санат" – 1, "екінші санат"- 1 санатсыз – 9. Мектепте 2021 жылы 222 188 331 теңге сомасына күрделі жөндеу өтті.
16 қарашада № 2 Ұзынкөл ООО базасында Ұзынкөл ауданының білім бөлімі ұйымдастырған кезекті диалог алаңы өтті. Бұл жолы талқыланған тақырып мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мен бастауыш білім беру арасындағы сабақтастық болды. Диалог алаңы аясында педагог-сарапшы Жаныбекова Жібек Қазиқызы 145-жылдығы атап өткізіліп жатқан Спандияр Көбеевтің шығармашылығын қолдану тәжірибесімен бөлісіп, педагогтармен шеберлік сабағын өткізді. Содан кейін педагогтар екі топқа бөлініп, мектепалды даярлық сыныптарындағы сабақтарға және бастауыш сынып мұғалімі Байболова Аягөз Қайбарқызы өткізген 1-сыныптағы математика сабағына қатысты.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» – ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
Уважаемые родители, ученики, учителя и гости нашего сайта.
Мы рады приветствовать вас на официальном сайте нашей школы. Сайт адресован всем, кому интересно знать, чем живет наше образовательное учреждение.
Из года в год многое в нашей школе меняется, но одно остается неизменным: школа по-прежнему существует для детей и старается дать детям и Вам, уважаемые родители пространство благополучия, успеха и безопасности.
Наша школа – это большой, надежный, теплый дом, где есть работа и отдых, праздники и будни, и самое главное, – добрые традиции. Сотрудничество педагогов, обучающихся и их родителей, основанное на взаимоуважении и взаимопомощи, является залогом нашего успеха.
Мы утверждаем, что неуспешных людей нет. Успеха может добиться каждый, если предоставить ему соответствующие возможности. Такие возможности мы предоставляем всем желающим.
Наша школа - это учреждение, где активно используются традиционные, хорошо зарекомендовавшие себя методы обучения. Это школа, в которой создана особая, эмоционально привлекательная среда. Яркая атмосфера общешкольных праздников, конкурсов и мероприятий, концерты, фестивали, творческие игры –вот, чем живут учителя и ученики нашей школы.
Хотите узнать больше? Добро пожаловать на наш сайт.
Мы многое еще можем рассказать о нашей школе. Информация, расположенная на его страницах, позволит познакомиться с историей нашей школы, её традициями и ценностями, успехами и достижениями наших обучающихся в учебе, спорте, искусстве. Мы всегда открыты и будем рады, если сайт станет продолжением общения с нашим коллективом.
Дорогие друзья! Мы приглашаем Вас стать нашими постоянными посетителями и заинтересованными собеседниками, ведь и от ваших предложений во многом будет зависеть, какой станет наша школа завтра!
Біртұтас тәрбие” Smart Bala жобасын іске асыру аясында өткізілген сыныптан тыс іс-шара Тақырыбы: “Ғылыми-технологиялық революция” Мақсаты: оқушыларды ғылыми-техникалық прогресс (ҒТР және ҒТП) ұғымдарымен таныстыру.
Іс-шара барысында сабақтың барлық кезеңдері сақталды. Оқушылардың жас және жыныстық ерекшеліктері ескерілді. Іс-шарада келесі технологиялар қолданылды: АКТ, ЖАДА. Оқушылар жеке, жұппен және топпен жұмыс жасады. Рефлексия кезеңінде барлық оқушы өз пікірін білдірді.
БЕРИК АСЫЛОВ Генеральный Прокурор Республики Казахстан
Усиление профилактики ведет к снижению преступности
Как сказал Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев: стратегическим приоритетом остается обеспечение безопасности граждан. Отмечу, что за 3 месяца 2025 года преступность в стране сократилась на 5,8% (с 35 320 до 33 279 правонарушений). Это — результат системной профилактической работы всех правоохранительных органов, ориентированной на предупреждение, а не только наказание.
Когда профилактика работает — преступления не совершаются. Это и есть настоящий эффект правопорядка.
Существенное снижение зафиксировано по ряду направлений: * кражи – минус 29,3%, * хулиганства – минус 32,6%, * скотокрадства – минус 27,6%, * преступления небольшой тяжести – минус 11,9%, * особо тяжкие преступления – вдвое меньше.
Люди должны видеть результат — тишина во дворе, спокойствие на улице, безопасность для детей.
Однако, отдельные регионы показали рост: * г.Шымкент +25,8%, * Жамбылская область +21%, * область Ұлытау +13,6%, * Акмолинская, ЗКО, Костанайская области — умеренный рост. Здесь необходимо усилить межведомственную координацию и адресную работу.
Прокуратура, как орган, координирующий борьбу с преступностью, будет добиваться чёткой ответственности каждого ведомства за результат. Прокуроры на местах должны исключить разрозненность в подходах и действиях госорганов, обеспечив их взаимодействие и согласованность в работе.
Мошенничество снизилось на 3,9%, общий ущерб составил 41,4 млрд тг — снижение более чем в 2 раза (в 2024 г. — 93,7 млрд). Из них возмещено 11,7 млрд тг, что практически сохранило уровень прошлого года. Работа по компенсации будет усилена.
За каждым уголовным делом — судьба пострадавшего. Важно не только наказать виновного, но и восстановить справедливость.
В первом квартале 2025 года наблюдается активизация и системность работы в сфере борьбы с незаконным оборотом наркотиков. Благодаря слаженным усилиям правоохранительных и спецгосорганов, удалось добиться реальных результатов: больше выявлено наркопреступлений на 14%, в том числе по фактам сбыта на 13%, в суд направлено свыше 1,5 тыс. дел, а из незаконного оборота изъято свыше 3,3 тонн наркотических средств, включая героин, гашиш, марихуану и синтетику, что больше почти два раза, чем за аналогичный период прошлого года.
Спецпрокурорами расследуются крупные дела в отношении наркомагазинов. Значимые успехи достигнуты ими в рамках реализации принципа «Следуй за деньгами». Только за три месяца заблокировано свыше 12 тысяч банковских счетов, оформленных на подставных лиц («дропперов»), через которые проходили наркодоходы на сумму более 2,1 млрд тенге. Арестовано их имущество на сумму более 5 млрд тенге, криптовалюта на 6 млн долларов.
Профилактика — не формальность. Это конкретные мероприятия, направленные на обеспечение правопорядка в обществе.
«Закон и Порядок»
@prokuratura.kst @prokuratura.govkz
БЕРІК АСЫЛОВ Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Профилактиканы күшейту – қылмыстың азаю кепілі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – стратегиялық басымдық болып қала беретінін атап өтті. 2025 жылдың алғашқы 3 айында елдегі қылмыс деңгейі 5,8%-ға (құқық бұзушылық 35 320-дан 33 279 дейін) төмендеді. Бұл барлық құқық қорғау органдарының тек жазалауға емес, алдын алуға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмысының нәтижесі екенін атап өтемін.
Қылмыстың жасалмауының басты себебі – профилактикалық шаралардың тұрақты қабылдануы. Бұл – құқықтық тәртіптің шынайы ықпалы.
Мынадай бағыттар бойынша айтарлықтай төмендеу тіркелді: * ұрлық – 29,3%-ға; * бұзақылық – 32,6%-ға; * мал ұрлығы – 27,6%-ға; * онша ауыр емес қылмыстар – 11,9%-ға төмендеді; * аса ауыр қылмыстар – екі есеге азайды.
Азаматтардың аулаларында тыныштық, көшеде қауіпсіздік, балалар үшін алаңсыз орта болуы тиіс.
Алайда кейбір өңірлерде қылмыс: * Шымкент қаласы - 25,8%-ға; * Жамбыл облысы - 21%-ға; * Ұлытау облысы - 13,6%-ға; * Ақмола, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында – орташа деңгейде өсуі байқалады. Бұл өңірлерде ведомствоаралық үйлестіруді күшейтіп, нақты бағытталған жұмысты жүргізу қажет.
Прокуратура қылмыспен күресті үйлестіретін орган ретінде әрбір ведомствоның қол жеткізген нәтижесі үшін нақты жауапты болуын талап етеді. Жергілікті жерлердегі прокурорлар мемлекеттік органдардың бытыраңқы әрекетіне жол бермей, олардың өзара іс-қимылын және келісімділігін қамтамасыз етуі тиіс.
Алаяқтық 3,9%-ға төмендеді, жалпы келтірілген залал 41,4 млрд теңгені құрады — бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайды (2024 ж. – 93,7 млрд тг). Оның ішінде 11,7 млрд теңге өтелді, бұл іс жүзінде өткен жылдың деңгейіне сәйкес келеді. Залалды өтеу бойынша жұмыс күшейтіледі.
Әрбір қылмыстық іс – бұл жәбірленушінің тағдыры. Маңыздысы – тек кінәліні жазалау емес, әділеттілікті қалпына келтіру.
2025 жылдың бірінші тоқсанында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес саласында жүйелі және белсенді жұмыс байқалады. Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың үйлесімді күш-жігерінің арқасында нақты нәтижелерге қол жеткізілді: есірткі қылмыстарын анықтау саны 14%-ға, оның ішінде сату фактілерін анықтау 13%-ға артты, 1,5 мыңнан астам іс сотқа жолданды, заңсыз айналымнан 3,3 тоннадан астам есірткі құралдары, оның ішінде героин, гашиш, марихуана және синтетикалық заттар, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда шамамен екі есеге артық алынды.
Арнайы прокурорлар ірі есірткі дүкендеріне қатысты қылмыстық істерді тергеп-тексеруде. «Ақшаның ізіне түсу» қағидатын іске асыру аясында олар айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. Тек үш ай ішінде үшінші тұлғалардың (дропперлердің) атына рәсімделген 12 мыңнан астам банк шоты бұғатталып, 2,1 миллиард теңгеден астам есірткі кірістері анықталды. Олардың 5 миллиард теңгеден астам мүлкі мен 6 миллион АҚШ долларына тең криптовалютасы тәркіленді.
Профилактика – бұл жай ғана формалдылық емес. Бұл қоғамдағы құқық тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған нақты шаралар жиынтығы.
«Қауіпсіздік сабақтары» өтті! Балалар «Үйде жалғыз» атты бейнероликті тамашалап, үйде жалғыз қалған кездегі қауіпсіздік ережелерімен танысты. «Ашық терезе» тақырыбында өткен әңгімелесу барысында балалар терезеден еңкейіп қараудың қаншалықты қауіпті екенін және қандай сақтық шараларын сақтау керектігін айтып берді. «Көрсет және түсіндір» ойынында балалар сурет таңдап, сол жағдайға байланысты не істеуге болмайтынын түсіндірді. «Қауіпсіздіктің алдын алу» атты суреттер көрмесі Балалар терезе алдындағы қауіптер мен олардың салдарын өз суреттері арқылы көрсетті. Көрмеге ұсынылған жұмыстарда әр бала қауіпсіздік туралы өз көзқарасын білдіріп, маңызды ережелерді шығармашылықпен жеткізе білді.