Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Кәмшат Дөненбаева атындағы жылпы білім беретін мектебі" КММ
КГУ "Общеобразовательная школа имени Кәмшат Дөненбаевой отдела образования Узункольского района" Управления образования акимата Костанайской области |
|
---|
2
июня
2025
|
Мектебімізде оқитын кәмелетке толмағандардың және олардың заңды өкілдерінің облыстық психологиялық қолдау Орталығының қызметі, көрсетілетін қызметтер және психоактивті заттарды пайдалану, зорлық – зомбылық және буллинг сияқты әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың алдын алу мақсатында білікті психологиялық-педагогикалық көмек алу мүмкіндіктері туралы хабардарлығын және аймақ жастарының психологиялық әл-ауқатын арттыру мақсатында "Өмірге қолыңды соз!" атты акция өтті, Акцияға оқушылар, олардың ата-налары, педагогтер қатысты. оларға аталған тақырыптарда жаднамалар, буклеттер таратылды.
19
марта
2025
|
«Кәмшат Дөненбаева атындағы ЖББм-де 5-8 және 9-11 сынып оқушыларымен «Бақылаудағы күйзеліс» тақырыбында тренингтер өтті.
Тренингтің мақсаты: балаларды күйзелісті тануға, оның себептерін және онымен күресу жолдарын түсінуге үйрету.Тренинг барысында «Күйзеліс дегеніміз не?», «Күйзелісжәнемен», «Күйзеліспен күресу әдістері», «Мен күйзелісті қалай жеңемін?» жаттығулары өткізілді, жағдаяттар талданды. Жасөспірімдер күйзелістің өмірдің қалыпты бөлігі екенін,бірақ оны басқаруды үйрену және оны бізді басқаруға жол бермеу маңызды екенін түсінді.Кез келген жағдайда өздерін сенімді сезіну үшін тренингте білгендерін пайдалана алу керек деген қорытынды жасалы.
17
марта
2025
|
Жыныстық тәрбие жоспары бойынша мектептің педагог психологы 8 сынып оқушыларымен әңгімелесті
#біртұтас_тәрбие
21
февраля
2025
|
Мектепте кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарын Облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы ақпараттандыру, мектеп білім алушыларына психологиялық көмек көрсету, сонымен қатар кәмелетке толмағандар мен ата-аналар қауымдастығының (ата-аналар, педагогтар) психологиялық сауаттылығын арттыру мақсатында педагог-психолог Шегенова Р.Ж. "Егер қиын болса- жай ғана қоңырау шал" акциясын өткізді.Сенім телефондары көрсетілген парақшалар мен визиткалар таратылды.
Есіңізде болсын: сіз жалғыз емессіз! Қиын болса-жай қоңырау шалыңыз!
#ЕгерҚиынБолсаҚоңырауШал #ПсихологиялықҚолдау
В целях информирования о областном центре психологической поддержки несовершеннолетних и их родителей в школе, оказания психологической помощи обучающимся школы, а также повышения психологической грамотности несовершеннолетних и родителей (родителей, педагогов) педагог-психолог Шегенова Р. Ж. провела акцию "Если трудно-просто позвони" .Были розданы листовки и визитки с телефонами доверия.
Помните: вы не одиноки! Если сложно-просто позвоните!
#ЕслиЗвонитьвсемейство #Психологическаяқиынподдержка
15
января
2025
|
Кәмшат Дөненбаева атындағы мектепте 5-8 және 9-11 сынып оқушылары арасында педагог-психолог Шегенова Р.Ж. жасөспірімдердің өмірге тұрақты ұстанымдарын қалыптастыру мақсатында "Бұл дүние қандай әдемі!" тақырыбында әңгіме өткізді. Әрбір адам бақыт үшін туады, оның жан дүниесінде зұлым рух пен қарапайым әрекетке орын жоқ сияқты. Бірақ неге кейбір адамдар өз өмірін құртады? Оқушылар осы сұраққа жауап іздеп, адам өмірін қиындататын қауіп факторларын: қайғы, қиыншылық, ашу, назар аудару, ауру, ақшаның жетіспеушілігі, кінә, қорқыныш, ұят т.б. атады. Қиын жағдайларда көмектесетін принциптерді бірге әзірлеуге тырысты. мысал ретінде "Сүлеймен жүзігі" туралы астарлы әңгіме тыңдап , "Өмрдің мәні" атты эксперимент жасау арқылы адам өмірі қандай құндылықтардан, маңызды оқиғалардан тұратынына, сонымен қатар әртүрлі ұсақ-түйектерден тұратынына көз жеткізді. Әңгіме соңында барлық уақыт пен күш-қуатты ұсақ-түйекке жұмсау маңызды нәрселерге орын қалдырмайды деген қорытынды жасалды.. Сондықтан маңызды нәрселерге назар аударыңыз, достарыңыз бен жақындарыңызға уақыт бөліңіз, денсаулығыңызды бақылаңыздар деген кеңестер берілді.
20
декабря
2024
|
11
декабря
2024
|
"Алғыс айту" акциясы. Мектеп психологы Шегенова Р.Ж. жетекшілігімен жоғары сыныптан шыққан еріктілер тобы "Үйлесімді даму қызметі " апталығы шеңберінде мектеп қызметкерлерінің бәріне "Еңбегіңіз үшін мың алғыс!" ("Благодарим за Ваш труд!) сөздері жазылған алғыстарын жүрекшелерге жазып таратты.
10
декабря
2024
|
5-11 сынып оқушылары арасында "Өмір үшін дауыс беремін!" акциясы.